• Басты
  • Жаңалықтар
  • МАГАТЭ-да Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктері таныстырылды

МАГАТЭ-да Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктері таныстырылды

15 Қыркүйек, 2015 11:43
Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) Бас конференциясының 59-шы сессиясы басталды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

164 мүше мемлекет делегациялары МАГАТЭ жыл сайынғы физикалық ядролық қауіпсіздік баяндамаларын, сондай-ақ Агенттіктің есебін, бағдарламасын және бюджетін қарастырады. Бас конференцияның шеңберінде қатысушылар ядролық энергетиканың келешек дамуы, ядролық және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың күшеюі, ядролық энергияны, ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдалану және қолдану, техникалық ынтымақтастығын, кепілдіктердің тиімділігін және әсерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударады.

Бас конференцияның жұмысында Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьник басшылығында делегация қатысуда. Қазақстан делегациясының құрамына ҚР СІМ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, Ұлттық ядролық орталығының өкілдері және т.б. кірді.

Қазақстан делегациясының басшысы Генконференцияның ашылуында жасалған баяндамасында еліміздің ядролық қарусыздану саласындағы жетістіктеріміз айтылды, ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласында сәтті ынтымақтастығын атап өтті. Қатысушылар ұлттық ядролық энерегетика бағдарламаларын және атом саласын дамыту бойынша жоспарларымен таныстырылды. АЭХА мүше мемлекеттері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау бастамаларына, соның ішінде АТОМ жобасына назар аударды.

В. Школьник МАГАТЭ Бас директоры Юкиа Аманомен, Иран, АҚШ, Жапония, Франция, Ресей, Үндістан елдердің делегация басшыларымен кездесті. Кездесу барысында өзекті ынтымақтастық мәселелері және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәселесі талқыланды.

Бас конференцияның өткізілу кезеңінде БҰҰ Венадағы бөлімшесінде «Қазатомпром» ҰАК» АҚ көрмесі жайылды.

МАГАТЭ  Бас конференциясының жұмысы 18 қыркүйекке дейін жалғасады.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі 1957 жылы құрылды. 1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы 121 АЭХА мүше мемлекеті болып қосылды.

Барлық жаңалықтар