- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлыбритания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады
Ұлыбритания ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ұлыбританияның Сауда және инвестиция министрі, Ұлыбритания Парламенті қауымының мүшесі Фрэнсис Модамен екіжақты кездесу барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Ұлыбританияның қатысатындығы белгілі болды.
Сонымен қатар, Британиялық серіктестер ЭКСПО құрылыс нысандарына барып, Лорд Морд салынып жатқан құрылыс нысандарын өз көзімен көріп қайтты.
«Бүгін құрылыс алаңына барып, ондағы жұмыс қарқынының шын мәнінде ауқымдылығын аңғардық. Сондай-ақ болашақ павильонымыздың да орналасу орнын көрдік. Мен Біріккен Корольдіктің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растаймын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың елімізге ресми сапары барысында Астанадағы біздің павильон комиссарын тағайындайтын боламыз», - деп кездесу барысында өз ойымен бөлісті ағылшын министрі. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 екі ел экономикасы үшін әсіресе маңыздылығын атап өтті.
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қатысушылардың Астанадағы көрме барысында барлық үздік жұмыстарын көрсету мүмкіндігіне ұйымдастырушылардың барынша жағдай жасайтындығын жеткізді.
«Біздің британдық серіктестеріміз көрмеде өз экспозицияларын жан-жақты абыройлы түрде паш етуі үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ЭКСПО алаңында 4800 адам мен 600 техника бірлігі жұмыс істеуде», - деп атап көрсетті Есімов.
Френсис Мод алдағы көрме тақырыбының маңыздылығына ерекше тоқтап, Ұлыбританияның баламалы технологиялар саласында мол тәжірибесі барын айтты.
Атап өту керек, Ұлыбритания Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын растаған 48-ші мемлекет болып отыр.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе