• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек» холдингі мен Қытай Банкі бірлескен инвестжобаларды жүзеге асыру туралы келісті

«Бәйтерек» холдингі мен Қытай Банкі бірлескен инвестжобаларды жүзеге асыру туралы келісті

15 Қыркүйек, 2015 11:09
«Бәйтерек» холдингі және Қытай Банкі (BankofChina) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жақын арадағы сапары шеңберінде жасалған ынтымақтастық туралы меморандумды іс жүзінде іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы келісім келді, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Уағдаластыққа Астанада өткен  «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаевтың Қытай Банкінің (Bank of China) Басқарма Төрағасы Тянь Гуолимен кездесуі барысында қол жеткізілді.    

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы  жылғы қыркүйектің басында «Бәйтерек» холдингі және Қытай Банкі инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандум шеңберінде Қытай Банкі Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту аясында іске асырылатын жобаларға 5 млрд. долларға дейінгі қаражат бөлуге дайындығын білдірді.

«Біз Қытай Банкі мен «Бәйтерек» холдингі арасында қол қойылған меморандумды Қазақстан мен Қытай іске асыратын 45 жобадан тұратын үлкен бағдарламаны қаржылай қамтамасыз етудің белгілі бір жоспары ретінде қарастырамыз», - деді Қ. Бишімбаев.

Қазақстандық тараптан топ құрамына Қазақстанның Даму Банкі, «Даму» қоры, Қазына Капитал Менеджмент сияқты Холдингтің еншілес құрылымдарының өкілдері кіреді. Қытай тарапынан жұмыс тобының құрамына Қазақстандағы Қытай банкінің өкілдері кірді.

«Сіздер жобалар тізімін біз оларды қарап, тәжірибе жүзінде іске асыруға кірісе алатындай, ең қысқа мерзім ішінде бересіздер деп үміттенемін. Әрі қарай қалай әрекет ететінімізді түсіну үшін қазірдің өзінде 2-3 жобадан бастауды ұсынамыз.  Осы бірнеше жоба қалғандары үшін өзінше бір көпір болмақ», - деп атап өтті Т. Гуоли.

Холдинг басшысы Қуандық Бишімбаев қытайлық әріптестерін бірігіп іске асыруға арналған жобалар тізімінде ірі жобалар да, сондай-ақ шағын және орта бизнес жобалары да бар екенін хабарлады.

Ірі жобалар– жел энергетикасы, металлургия саласында, оларды қаржыландыру көлемі  600 млн. доллардан бастап$1 млрд. долларға дейін.

«Біз жел және электр энергиясы жобаларына қызығушылық танытамыз. Қытайда біз үшін шағын және орта бизнесті қолдау басым болып табылады, сонымен қатар біз шетелдік, соның ішінде Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсете аламыз», - деп мәлім етті Қытай Банкінің басшысы. 

Кездесу қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі мен Қытай банкінің басшылары іске асыру үшін бірінші жобалар тізімін бірнеше күн ішінде қытай тарапына жіберу туралы, сондай-ақ жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізу туралы уағдаласты. 

 

 

Барлық жаңалықтар