• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жария ету аясында Қазақстан экономикасына 38,4 млрд теңге инвестицияланды - Қаржы министрлігі

Жария ету аясында Қазақстан экономикасына 38,4 млрд теңге инвестицияланды - Қаржы министрлігі

15 Қыркүйек, 2015 10:24
Қазақстанда осы жылдың 11 қыркүйегінде жағдай бойынша сомасы 258,4 млрд теңгенің 36 747 нысаны мен құнды қағаздары жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 480,4 млрд теңгені  құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 50 249 өтініш түсті.

Оның ішінде сомасы 352,2 млрд. теңгеге 41 910 тұрғын үй нысаны,сомасы 122,7 млрд. теңгеге 21 383 тұрғын үй емес  нысаны, оның ішінде 87,4 млрд.теңгеге 5 167 коммерциялық нысан, сомасы 1,3 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 19 қатысу үлесі, сомасы 4,1 млрд. теңгенің  бағалы қағаздары келіп түсті.

Сомасы 258,4 млрд. теңгеге 36 747 нысан жария етілді.

 Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 674,0 млн тенге құрайтын 23 тұрғын үй нысанын  жария ету бойынша өтініш келіп түсті.

Сондай-ақ, сомасы 654,2 млн. теңгенің  21 нысаны   және бағалы қағаздары  жария етілді.

« ҚР ҰБ есеп деректеріне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердің 11.09.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 78,8 млрд.теңге ақшаны жария етуге  165 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,2 млрд.теңге. ҚР экономикасына 38,4 млрд. теңге  инвестиияланды», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар