- Басты
- Жаңалықтар
- Бас Прокурор Цюрихтегі Халықаралық прокурорлар қауымдастығының конференциясына қатысты
Бас Прокурор Цюрихтегі Халықаралық прокурорлар қауымдастығының конференциясына қатысты
Форумда әлемнің 90-нан астам елдернің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты.Швейцария Конфедерациясының Президенті, Швейцария Әділет және полиция департаментінің басшысы Симонетта Соммаруга, Швейцарияның Бас прокуроры Майкл Лаубер және Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярош ашылу рәсімінде сөз сөйледі.
Шарада сыбайлас жемқорлық пен ақшаның жылыстауы, лаңкестікті қаржыландыру, алаяқтық пен салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстар, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтаруға қарсы тұрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Қадағалаушы органдардың басшылары трансұлттық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту және үйлестірілген саясат жүргізуге ниет білдірді.
Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, күн тәртібінің өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, адам құқықтарының кепілдігін қамтамасыз ету, қоғам және мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша күш-жігерді жұмылдыру жөніндегі барлық елдерге ортақ стратегиялық міндеттерден туындағын.
Конференция аясында А.Даулбаев Швейцария, Чехия, Ресей, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Малайзия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея бас прокурорларымен және Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері бас прокуратураларының басшылығымен, сондай-ақ Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстармен күресу Офисінің директорымен және ХПҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Әріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм және терроризммен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту және күшейту, жедел ақпаратпен алмасу мәселелері қозғалды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді