- Басты
- Жаңалықтар
- Вьетнамдық туристер ЭКСПО-2017 көрмесіне келуге қызығушылық білдіруде
Вьетнамдық туристер ЭКСПО-2017 көрмесіне келуге қызығушылық білдіруде

Министрдің мәлімдеуінше, Вьетнам Астанада өтетін көрмеге қатысуы туралы жазба түрдегі келісімін жақын арада жолдайды және келесі айда ЭКСПО-2017 көрмесінде Вьетнамның ұлттық павильонына жауапты Комиссар тағайындайды. Оған қоса сұхбаттас ВСР Үкіметі Қазақстан азаматтарына Ресей және Беларусь азаматтары тәрізді мерзім ұзақтығы 15 күнге дейін бір жақты түрде визасыз режим енгізу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.
Бұдан бұрын 2015 жылғы маусым айының соңында ЭКСПО-2017 Комиссары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың Вьетнамға сапары барысында вьетнамдық тарап көрмеге қатысуы туралы үкіметтік деңгейде растаған болатын. Оған қоса, Saigontourist атты ірі туристтік компания «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған, ал оның шарттары вьетнамдық туристтердің ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне баруларына ерекше жағдай жасауын көздейді.
Сонымен қатар, Вьетнам Туризм қауымдастығының Президенті Нгуен Хуу Тхомен кездесу барысында елдеріміз арасындағы туристтік бизнесті дамыту және Қазақстанның Вьетнамдағы туристтеріне жайлы жағдай жасау жөніндегі мәселелер талқыланды. Вьетнамның Туризм ассоциациясы Қазақстанның туристтік ассоциациясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылық танытып, ынтымақтастық туралы тиісті құжатқа қол қоюға дайын екендігін білдірді.
Аталған туристік көрме шеңберінде Қазақстанның Елшілігі Вьетнамның Туризм жөніндегі ұлттық әкімшілігімен бірлесіп Saigontourist, Vietravel, Focus Travel, Indоchina Heritage, VietJetAir атты және тағы басқа вьетнамдық ірі туроператорлар мен әуекомпаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу қатысушылары Қазақстан туристік нарығының негізгі даму бағыттарымен таныстырылды. Сұхбат барысында вьетнамдық туристерді ЭКСПО-2017 көрмеге тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Вьетнамдық туркомпаниялар қазақстандық туризм нарығының әлеуетін зерттеуге зор қызығушылық танытып, вьетнамдық азаматтар үшін жаңа туристтік бағыт ретінде қарастырады. Соңғы жылдары 90 миллоннан астам халқымен Вьетнам кіру және шығу туризмды дамыту бойынша жақсы нәтижелерін көрсетіп келеді.
Осы тұрғыда елдеріміз арасындағы туризмді одан әрі дамытуында 2015 жылғы мамыр айында Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам арасындағы Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылуы маңызды рөл атқаратыны анық. Оған қоса Алматы мен Хошимин қалалары арасындағы «Эйр Астана» ұлттық әуетасымалдаушы атқаратын тікелей әуеқатынастың болуы елдеріміз азаматтарының өзара жол жүруін белсендетуіне қолғабыс етеді.
Дөңгелек үстел барысында вьетнамдық туроператорлар ағымдағы жылдың қазан айының соңында өтетін Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясы 7-ші отырысының жұмысына қатысу үшін өкілді делегация құрамында Қазақстанға бармақ ниеттерін білдірді. Делегация құрамына ірі туроператорлар мен баспасөз өкілдері, сондай-ақ Вьетнам туристтік нарығының мүмкіншіліктерімен таныстыру өткізу үшін мәдениет қайраткерлері кіреді.
Сонымен қатар, вьетнамдық тарап Қазақстаннан тікелей Вьетнамның курорттық жерлеріне, сондай-ақ вьетнамдықтарды Қазақстанға, одан әрі Орталық Азия елдері, Ресей және Еуропаға тасымалдау үшін туристтердің логистика мәселесін айтарлықтай жеңілдететін чартерлік тасымалдарды ұйымдастыру мәселесін қозғады.
-
Биыл Алматыға келетін туристердің саны азайды
-
Карантин кезінде қазақстандық туристерге қойылатын талап күшейді ме
-
Алматы облысында соңғы 5 жылда туристер саны 2 млн асты
-
Жұмысқа деген қызығушылық басым болу керек, онсыз қиын болады – Ж.Ташмаханова
-
Саясаттанушы: Кішкентай балаларды бейбіт шеруге алып келуге қарсымын
-
"Рухани жаңғыру" бағдарламасына қызығушылық артып келеді - саясаттанушы
-
Туристерді бәсекеге қабілетті баға болғанда ғана тарта аламыз
-
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды
-
Мәжіліс мінбері: Туристер мен көлік жүргізушілерін, мамандықты сақтандыру (ШОЛУ)
-
Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевты Қырғызстанға ресми сапармен келуге шақырды
-
Министр БАӘ-мен визасыз режим туралы: Қазақстандық туристер үшін бұл үлкен жаңалық болады
-
Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға оң қызығушылық байқалады
-
Ресейдің бизнес қауымдастығы АХҚО жұмысына үлкен қызығушылық танытып отыр
-
Ханойда қазақстандық-вьетнамдық саяси консультациялар өтті
-
Жеңіс Қасымбек қазақстандық өңделген тауарға қызығушылық танытқан елдерді атады

