- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру бекеттері ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру бекеттері ашылды
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Озерный селосында, елді мекен мен оның маңының сенімді қорғаны болып үлгерген өрт сөндіру бекеті ашылды. Село 11-ші өрт бөлімінен 90 шақырым жерде орналасқан, сондықтан да тілсіз жаудан заманауи талаптарға сай қорғалмаған. «Атамекен Агро» ЖШС басшысы әлеуметтік әрекеттесу саясатына сай, селодан екі шақырым жерде орналасқан өзінің шағын элеваторының негізінде бекет ашуға қолынаң келген қажетті көмек көрсетті. Аса маңызды мақсатқа қысқа мерзім ішінде қол жеткізілді: бекеттің ғимараты талаптарға сай келтіріліп, стационарлық телефон байланысы орнатылды, өрт сөндіру бойынша кезек күттірмейтін шараларды атқаруға бейімделген техника толық жауынгерлік әзірлікке келтірілген.
Ашылу кезінде элеватор жұмыскерлері, Озерный, Қарақамыс, Бауман селоларының өкілдері қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімінің орынбасары М.С.Нұркенов, «Атамекен Агро» ЖШС бас инженері В.Е. Корсунов, пост бастығы С.С. Карпусь, аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Добшинский құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Бекетті қабылдау барысында, өрт сөндіру міндеттерін атқаруға бейімделген техника, бекеттің ғимараты көрсетілді, бекеттің жеке құрамы өрт сөндіру дағдыларын көрсете білді.
Осы салтанатты сәтте сөз сөйлеушілер, мемлекеттің өз азаматтарының қауіпсіздігі жөнінде тұрақты қамқорлық көрсететіндігі, әлемдік экономика дамуының қарқыны бәсеңдеген кезеңде халықтың ТЖ қорғалуын қамтамасыз ететіндігі жөнінде атап өтті.
Тағы ды бір жарқын да еске түсерлік мағынасы бар оқиға - М. Жұмабаев ауданыңдағы Советское селосында жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы болды. Жақын өрт сөндіру бекетінен 60 шықырым қашықтықта орналастырылған, алыс тұрған ауылға бұл елдімекен және қасындағы 5 ауыл үшін өрттерден қорғау ісінде маңызды демеу болды. Енді 2129 тұратын адамдар санымен 784 аулаға қосымша қорғануына кепілдеме бар, сонымен қатар қажеттілігіне сәйкес астық өрттерімен күресуге бекеттің жеке құрамы дайын.
Бекетті аудан әкімі Асқар Абдуғалиұлы Бегманов ашқан болатын. Осы мәнді шараға ТЖ бөлімі мен №12 өрт сөндіру бөлімінің бастықтары, ауыл шаруашылық аудандық бөлімінің, жер инспекциясының басшылары, Советское селосы округінің әкімі, ауданның БАҚ өкілдері қатысқан.
Сонымен қоса бекеттің ашылу салтанатына СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі кәсіби дайындығы мектебінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Нұрлан Нүкішев шақырылған болатын. Ол осы салтанатты сәтте өрт сөндіру бекетінің ашылуына, оның жеке құрамына 2 жауынгерлік киімін жиынтығын сыйлады.
Биліктің жергілікті органдары «Советское» ЖШС базасында ашылған, СҚО ТЖД өкілдері ауданда өртпен күресуге қажетті жабдықталуды, жаңа «жауынгерлік бірліктердің» толық жұмыс істеуіне барлығын жасады. Өрт сөндіру бекеті жылытатын гаражбен қамтамасыз етілген, телефон желісі мен құлақтандыру жергілікті жүйесі (сирена) жұмыс істейді. Қаруландыруында АЦ-133 өрт сөндіру көлігі, ГАЗ-53 су тасушы, жауынгерлік кезекшілікке жеке құрамның 6 адамы кірісті.
Осындай қиын-қыстау кездерде адамдарға қамқорлық көрсетіп, өрттен қорғайтының сезіну қуаныш әкеледі және ертеңгі күнге сенімділікті ұялатады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»