• Басты
  • Шығыс Қазақстан облысында «Тайга-2015» жиын-семинары басталды (ФОТО)
15 Қыркүйек, 2015 08:52

Шығыс Қазақстан облысында «Тайга-2015» жиын-семинары басталды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қ. ауданында Үлбі өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан Солтүстік- Батыс Алтайдың Ивановский жотасының сілемінде бүкіл республикадан 148 құтқарушы мен 38 ит қатысқан «Тайга 2015» жиыны-семинары басталды, деп ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысында «Тайга-2015»  жиын-семинары басталды (ФОТО)

 Бұл жиын-семинар таулы-тайгалы жердегі жағдайда кинологиялық есептерді жұмылдыра отырып, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу машықтарын жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр. 

Шығыс Қазақстан облысының Ивановский жотасының сілемі  «Тайга-2015» жарыстарын өткізу үшін бекерден бекер таңдап алынған жоқ. Оның ең биік нүктесі – Жоғарғы Ивановский шыңы, биіктігі шамамен 2775 м,  құрайды. Жотаның етегінде – ұсақ жапырақты және қылқан жаыпырақты ормандар етек жайып жайқалған. Ивановский жотасынан Казачиха, Громотуха сияқты өзендердің арналары бастау алады.  

Осы өзендердің жағасы біркелкі тегіс емес, көптеген салалар мен  өзектер кездеседі.  Өзен арналары тармақталып, жылғалар мен ескі арналарды құрайды.  Бұл жер Қазақстандағы ең ылғалды жер болып есептеледі. Мұнда қар қалың түседі, сондықтан таулардың ық  жағындағы қардың қалыңдығы сегіз метрге дейін жетеді.  

 Құтқарушылар білімін жетілдіріп, тәлімгерліктен өтумен қатар, таңғажайып және көркем жердің тылсым табиғатымен да жақын танысатын болады. 

 Тайгалық базада 6 оқу нүктесі орналасқан. Мұнда құтқарушылар топография және таулы-тайгалы жерде бағыт іздеу, компаспен және  GPS жұмыс жасау, әртүрлі тәсілдермен судағы бөгеттерден өту, таулы-тайгалы жерде және таулы өзендерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері, зардап шеккендерге көмек көрсету және оларды тасымалдау бойынша оқытудан өтеді. Сондай ақ, құтқарушылар үш күндік бағдар бойынша биік таулы жерде тірі қалу мектебінен өтеді. 

Республиканың 41 кинологиялық және 18 құтқару құрамасы үшін де сынақтар қарастырылған – тіл алушылық пен шапшаңдықты тексеру, табиғи ортада және техногендік үйінділерде зардап шеккендерді жылдам іздеп табу.

          

Барлық жаңалықтар