- Басты
- Жаңалықтар
- Сочидегі көрмеге 60 қазақстандық кәсіпорын қатысады
Сочидегі көрмеге 60 қазақстандық кәсіпорын қатысады
Қызылорда облысы Ресей Федерациясымен ынтымақтастық стендін ұсынады. Барлығы көрме жұмысына 10 облыс пен Алматы қаласы қатысады.
Көрменің экспоненттері ауыл шаруашылығының келесі бағыттарын ұсынады: сүт өнімдері, ет және шұжық өнімдері, жеміс-көкөніс өнімдері, кондитерлік өнімдер, алкогольдік және алкогольсіз сусындар, май өнімдері, ұн мен макарон өнімдері, бал және ара өсірушілік шаруашылығы өнімдері, панта өнімдері, жас жемістер және балық өнімдері мен түйетауық еті. Осы бағыттардың көбі «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық қызметінің алаңы болып табылатындықтан, көрмеде Холдингтің компаниялары қаржыландыратын қазақстандық агроқұрылымдар кеңінен ұсынылған.
Қазақстан Республикасының көрме павильоны елдің облыстарының бөлігінде көрсетілетін болады.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту барысымен танысу үшін көрме павильонының ортасы инфоргафиканы және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін көрсетуді көздейтін ұлттық ақпараттық стендке арналған.
Сондай-ақ, Холдингтің инвестициялық қызметін көрсететін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ақпараттық стенді қойылған.
Хабарланғандай, 2015 жылғы 16 қыркүйекте Сочи қаласында Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастық XII Форумы өтеді, оған екі елдің Президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Алдағы болатын форумның тақырыбы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету». Форумның шеңберінде ресей мен қазақстандық қатынастардың өзекті мәселелері және Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа аймақтық бірлестіктер шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.
Форум іс-шарасының бағдарламасымен сондай-ақ, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей-қазақстан ынтымақтастығы» мамандандырылған көрмені, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі ресей мен қазақстанның іскерлік кеңесінің отырысын, екі жақты жастар форумын өткізу көзделген. Ортақ құжаттардың бірқатарына, соның ішінде ресей мен қазақстан аймақтары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланады.
Қатысушылардың арасында – негізгі министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның облыстары субъектілерінің басшылары, ірі бизнес өкілдері бар.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді