Астанада жаңа жұмыс істеу кестесіне көшу жоспары әзірленуде

14 Қыркүйек, 2015 19:12
Астанада икемді жұмыс кестесіне көшу жоспары әзірленуде.Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС басшысы Талғат Ардан мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмыс уақытын өзгерту бойынша ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлім етті. Талғат Арданның айтуынша, аталмыш өзгерістер елорданың жүктеме көп түсетін көше-жолдарының азаюына септігін тигізеді.

«Астанада жұмыс уақыты 6 сағаттық белдеуге бөлінді, таңғы 7-ден 10-ға дейін. Бұл тек мектептерге ғана емес, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандары мен мемлекеттік органдарға да қатысты. Әрине, алдымен қалалық әкімдіктің уақыты өзгереді, ұлттық компаниялар мен орталық билік органдарына да осындай ұсыныс жасалды», - дейді Талғат Ардан.  

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева бұл өзгерістердің жалпы білім беру мекемелерінің бірінші сынып оқушыларына қатысы жоқтығын атап өтті. 

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева: 

«Студенттерді қоспағанда 200 мыңнан астам бала оқуды сағат 8-ден бастайды. Біз қазір әлеуметтік зерттеу жүргізіп жатқанымызды тағы да айтып кетейін. Оқу уақытын өзгерту үшін заңға тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс, типтік бағдарламаларға да. Соған сәйкес өзгертулер жасалады. Барлығы заң аясында іске асырылады», - деп атап өтті Э. Суxанбердиева. 

Оқушылардың ата-аналарымен жиналыстар өткіземіз, сауалнама жүргіземіз. Айта кетейін, бірінші сынып оқушылары таңғы 8-ден бастап оқиды, оларға өзгерістер енгізілмейді, - деді ол.  

«Астана қаласында жаңа көлік жүйесін» енгізу мақсатында «Астана LRT» ЖШС «TYPSA» халықаралық компаниясымен бірлесе отырып, мониторинг жүргізіп, елорданың жүктеме көп түсетін кейбір көше-жолдарын анықтады. Соның салдарынан Астана қаласының мекемелері мен кәсіпорындарында  жұмыс тәртібін өзгерту қажет болып отыр.

 

 

Барлық жаңалықтар