- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Орталық-2015» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды (ФОТО)
Қазақстанда «Орталық-2015» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды (ФОТО)
«Батыс» ӨңҚ «Оймаша» полигонында оқу-жаттығудың ашылу рәсіміне ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев, ҚР ҚК ӘТК Бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов, сондай-ақ Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдері мен бөлімшелері қатысты.
Өз кезегінде, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 10810, 30217, 44793 әскери бөлімдерінің құрамалары мен бөлімдері және ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармалары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Бөлімшелер оқу-жаттығу өткізілетін ауданға шығарылды, онда басқару пункттерін өрістетті, лауазымды адамдармен жұмыс ұйымдастырылды.
Әзірлеме бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімдері мен бөлімшелері шартты қарсыластың шабуылын тойтара отырып, қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Жалпы алғанда, жауынгерлерге бірнеше тактикалық эпизод беріледі.
Атап айтқанда, басқару органдары мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, әскерлердің қайта топтасуы, арнайы әскери операцияны жүргізу және құрамдастырылған тәсілмен марш жасау. «Орталық-2015» оқу-жаттығуын өткізу қыркүйектің 14-і мен 20-ы аралығында жоспарланып отырғанын айта кетейік.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша