• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Қазақстан мен Тәжікстан арасында қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісімнің маңызы

ҚР Президенті Қазақстан мен Тәжікстан арасында қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісімнің маңызы

14 Қыркүйек, 2015 18:29
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасы Жоғары жиналысының Өкілдер палатасы төрағасы Шукурджон Зухуровпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, сондай-ақ парламентаралық сындарлы диалогты нығайту жолдары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Тәжікстан арасында қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісімнің маңызы жоғары екеніне тоқтала келіп, оны жүзеге асыруда екі елдің заң шығарушы органдары маңызды рөл атқаратынын айтты.

Ш.Зухуров өңірде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату ісіне қосқан айрықша үлесі мен жаһандық мәні бар бастамаларды ілгерілеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді. 

Барлық жаңалықтар