- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА: «Балқадиша» әні ЭКСПО-2017 көрмесінің бейресми әнұраны болады (ФОТО)
ҚХА: «Балқадиша» әні ЭКСПО-2017 көрмесінің бейресми әнұраны болады (ФОТО)
«Зеренді жері талай ақын, әншілерді өсірген жер. Біржан сал, Ақан серіні білмейтін адам жоқ. 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде Әміре Қашаубаев «Балқадиша» әнімен әлемді дүркіретіп, елді аузына қаратты. «Балқадиша» әні бүгінгі біздің 21 ғасырда Астана төрінде өткелі жатқан ЭКСПО-да гимн ретінде айтылмақ», - деді Күләш Рақымжанова.
Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды. Экспедицияның бірінші аялдаған жері – Бурабай. Одан кейінгі тоқтаған жері – табиғаты көркем, тарихы бай Зеренді елді мекені. Ал бүгін таңертең топ Көкшетау қаласына келіп жетті. Қазіргі уақытта экспидиция мүшелері өлке тарихымен танысуда.
Кеше экспедиция мүшелері Зеренді маңында жақында ғана ашылған Балқадиша ескерткішіне ат басын бұрды. Одан кейін биыл 100 жылдығы кеңінен аталып өткен Кеңес одағының батыры, қазақ жазушысы, ғалым Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне барып, оның күйеубаласы Нұрғали Олжабайұлымен тілдесуге мүмкіндік алды.
Жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіліп, тарихта есімдері көп еленбей қалған, енді ғана зерттеліп, зерделеніп жатқан Бөгенбай би, Қошқарбай батыр, Шал ақын мен т.б. туралы тың материалдар алынды. Кездесуден кейін аталған аруақтар үшін Бөгенбай би мазарына барып, құран бағыштап, көне замандағы Орманды Бұлақ қорымдарын көруге мүмкіндік туды.
Сондай-ақ, топ Кеңөткел ауылынан оңтүстікке қарай 300 метр қашықтықта орналасқан Қошқарбай қорымындағы көне ескерткіштерге куә болды. Жергілікті тұрғындардың мәліметіне сәйкес, бұл ауылда Ақан сері әнін арнаған Балқадиша ару өмір сүрген.
Кешке қарай топ мүшелеріне Қазақстан ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,3 шақырым жерде орналасқан Уәли хан мазарына жол түсті. Бұл мазар 2008 жылы Уәлихан ханның 270 жылдығына орай тұрғызылған екен. Атап өтсек, Уәлихан хан 1738/1741-1821 жж. өмір сүрген, ол 1781-181 жж. Орта жүз ханы болған. Ол – Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы. Ал даңқты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов – оның немересі.
Суретті түсірген Азамат Әлиев
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады -
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады -
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады