• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Индустриаландыру картасының жобалары 8 айдың ішінде 735,9 млрд теңгенің өнімін өндірді

ИИДМБ: Индустриаландыру картасының жобалары 8 айдың ішінде 735,9 млрд теңгенің өнімін өндірді

14 Қыркүйек, 2015 18:41
Индустриаландыру картасының жобалары 8 айдың ішінде 735,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

2015 жылдың 8 айында  Индустриаландыру Картасының жобалары 735,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінің 14,5%. Орташа алғанда  аталған кәсіпорындар ай сайын 100 млрд. теңгенің өнімін шығарады. Екінші бесжылдықта құны 8 трлн. теңге болатын 380 жоба қолға алынды. Пайдалануға берілгенде 60 мың жұмыс орны ашылады. 60 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен салынып жатыр.

Индустриаландыру Картасының аясында биыл құны 600 млрд. теңгенің 80 жобасы іске қосылады.

Оның ішінде Павлодар облысындағы Бозшакөл КБК /Кен байыту комбинаты, Алматы облысындағы шойын балқыту өндірісі, БҚО К5 экокласты мотор майын шығаратын өндіріс орны бар.  

«Бірінші жарты жылдықта құны 60 млрд теңгенің 20 жобасы іске қосылды. Оның ішінде Алматы облысындағы алюминий өндіретін «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС, ОҚО Кореяның Daedong ТОО «KazKioti» компаниясымен бірлесіп Kioti тракторларын шығаратын өндіріс,  Ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын «Қазтехмаш» ЖШС, Жамбыл облысындағы «Burnoe Solar-1»ЖШС қуаты 50МВт  күн электростансасының құрылысы қамтылған», - делінген хабарламада.

 

 

 

Барлық жаңалықтар