Келесі аптадан бастап тұрғын үйлер теңгемен саудаланады

14 Қыркүйек, 2015 17:36
Келесі аптадан бастап тұрғын үйлер теңгемен саудаланады, деп хабарлады Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Астанадағы журналистермен кездесу барысында.

Осылайша, бірінші құрылыс нарығында келісімдер теңгемен жасала бастайды. Тұрғын үйдің бағасының көтерілуі оның құрылысы барысындағы доллардың үлесіне тәуелді болмақ.

А.Рахымбаев хабарлағандай, жайлылық-санатындағы тұрғын үй құрылысының жалпы құнындағы қазақстандық қамту 40% деңгейінде (цемент, шағыл, кірпіш), 30% - ресейлік жеткізілімдер (шыны, сантехникалық заттар), 30% - алыс шетел (терезе құрамалары, жедел сатылар). Осы ретте үнемдеу-әлеуметтік санаттағы үйлердегі отандық қамтамасыз ету үлесі айтарлық басым, бұл ретте таңдаулы үйлер санатында долардың үлесі 80%-ға жетеді.

Бұдан басқа, доллармен есептеуде шетелдік сарапшылар тартылады.

«Жақын екі-үш  күнде Құрылысшылар қауымдастығының мүшелері теңгемен есеп айырысуға  көшеді – бұл сатылатын алаңдар нарығының шамамен 60%. Біздің ісімізді көптеген әріптестеріміз бен  риэлторлар жалғастырады деген үміттеміз. Яғни, мен ірі компанияларды мензеп тұрмын. Бұл жағдай екі-үш күнге созылатын болады», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар