- Басты
- Жаңалықтар
- ҰЭМ: Қазақстан халқының саны 17 млн 563 мың адамды құрады
ҰЭМ: Қазақстан халқының саны 17 млн 563 мың адамды құрады
2015 жылғы қаңтар-шілдеде халық саны жалпы ел бойынша 145,6 мың адамға немесе 0,8% өсті, 2014 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 254,6 мың адамға немесе 1,47% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылдың қаңтар-шілдеде туылғандар саны 231,5 (231,4) мың адамды құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,72 (23,04) туылғандарды құрады.
«Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 80,0 (78,6) мың адамды құрады, бұл 2014 жылдың қаңтар-шілдеге қарағанда 1,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,85 (7,83) қайтыс болғандарды құрады», - делінген хабарламада.
2015 жылдың қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2014ж. қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,2 адамға немесе 0,8% азайып, 151,6 (152,8) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,87 (15,21) адамды құрады.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 86,4% және 90,1% құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2014 жылға сәйкес кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 27,1% көбейіп, 265 679 адамды құрады.
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,5% тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (25 229 адам), Астана (437 адам) қалаларында және Ақмола (1 694 адам), Қостанай (650 адам), Маңғыстау (595 адам), Атырау (21 адам) облыстарында қалыптасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»