- Басты
- Жаңалықтар
- А.Рау: ҚР-да 2016 жылы энергия тиімділігін арттыру үшін 19 әлеуметтік нысан жаңғыртылады
А.Рау: ҚР-да 2016 жылы энергия тиімділігін арттыру үшін 19 әлеуметтік нысан жаңғыртылады

Жоба мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда энергия тиімділігін көтеруге бағытталған, сондай-ақ, институциялық базаны жақсарту оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділікті көтеру саласында қаржыландыру механизмдерін құруды қарастырады.
«Біз энерготиімділік бойынша серіктестік бағдарламасын іске қосқанымыз туралы жариялаймыз. ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк жалпы сомасы 26 млн долардан асатын келісімді ратификациялады. Бұл бағдарлама 3 жылға есептелген. Сонымен қатар техникалық көмек көрестілетін болады. Айта кетерлік жайт, энерготиімділіқ қорын жасақтау 100 нақты қадамда қарастырылған», - деді ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Альберт Рау.
Сонымен қатар, вице-министр толықтырып кеткендей, Дүниежүзілік банктың энерготиімділік бойынша тәжірибесі мол және аталмыш салада Қазақстандағы серіктестік табысты болуы тиіс.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жобаны жүзеге асыру мақсатында Щвейцариялық агенттік Траст қоры арқылы 21,7 млн долл көлемінде қаржы ұсынды.
«Жоба алғашқы шаралары ретінде Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағнды, павлодар, мен Шығыс Қазақстан облыстарында 2016 жылы жаңа құрылыс маусымында 19 әлеуметтік нысанға қолдау көрсетеді (8 мектеп пен 11 мектепке дейінгі білім беру мекемесі)», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Құрылыс жұмыстары кезінде таңдалған нысандарда жылу беру жүйесі мен жарықтандыру жүйесі ауыстырылатын болады, ечіктер мен терезелер ауыстырылды, мекемелерді жылыту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ботагөз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады

