- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 41 пайыз астық жиналды – АШМ (ФОТО)
Қазақстанда 41 пайыз астық жиналды – АШМ (ФОТО)
«Биыл барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 21,2 млн га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 14,9 млн га, бидай – 11,7 млн га. Майлы дақылдар 2 млн га, мал азығы дақылдары – 3,7 млн га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 425 мың га алқапта орналастырылды», - деді ол.
Вице-министр атап өткендей, бұл ретте 2014 жылмен салыстырғанда мал азығы дақылдары, жарма, бұршақты дақылдардың алқаптары 316 мың га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 12,5 мың га, мал азықтығы дақылдары – 400 мың га, қант қызылшасы – 7,4 мың га көбейді, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүргізілетін егіс алқаптарын әртараптандыру саясатының оң нәтижесі болып табылады.
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша егін жинау жұмыстары барлық аймақта өткізілуде. Сондай-ақ, биыл егін ору науқаны өткен жылдағы көрсеткіштерге қарағанда қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша шамамен 6,3 млн га дәнді дақыл жиналды, бұл 2014 жылғы деңгейінен 25,9 мың га артық, 6,9 млн тоннадан астам астық бастырылды (2014 жылы – шамамен 6,7 млн тонн), түсімділік 10,9 ц/га болды, бұл өткен жылдың деңгейінен 0,2 ц/га артық. Оңтүстік аймақтарда жүгері мен күрішті санамағанда, жалпы дәнді дақылдарды ору науқаны аяқталды. Жазғы дақылдардың өсіп-өнуі кезінде құрғақшылықтың болуы салдарынан ең төменгі түсімділік Ақтөбе (5,6 ц/га) және Батыс Қазақстан (5,3 ц/га) облыстарында байқалып отыр», - деді С.Омаров.
Анар Тәңірқұлова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары