- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: ОҚО инвесторлары Алматыда көлік-логистикалық орталық салады
ИИДМБ: ОҚО инвесторлары Алматыда көлік-логистикалық орталық салады
Форумға қос облыстың кәсіпкерлер палатасының, «Шымкент»ӘКК»ҰК»АҚ-ның, ОҚО-ның қаржы институттары мен Алматы және ОҚО бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысты.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов атап өткендей, Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының ұқсастығы тұтыну сұранысында, кәсіпкерлік қызметтің белсенділігі мен инфрақұрылымда.
Оның айтуынша, Алматы ҚР-дағы ең ірі азық-түлік тауарларын тұтынушылар нарығы болып табылады (жылына 3 млрд долл жуық шамада). Қала тұрғындары мен қайта өңдеу саласындағы өндіріс ошақтарының ауыл шаруашылығы өнімдері мен Оңтүстік Қазақстан облысы өнімдеріне деген сұранысы айтарлықтай басым.
«Машина жасау– қаламыздағы үлкендігі бойынша екінші өндіріс саласы. Бұдан басқа, тау-кен өндіру мен мұнай өндірісі салаларының құрал-жабдықтарын және электрқұралдарын өндіру және өзгеде қосылған құны жоғары өнімдерін төндіру іске асырылады», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Осы саларадың кәсіпкерлері Оңтүстік Қазақстан облысынан келген серіктестермен белсенді жұмыс істейді.
Е. Әукенов хабарлағандай, Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың құрылысы аяқталуда, онда түрлі өндірісті дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Аймақтың жалпы ауданы 490 га.
Аталып өткендей, оңтүстік астанадағы белсенді шағын және орта бизнес субъектілері 184 мыңға жуық, ал жалпы өңірлік өнім көрсеткіші 8 трлн теңгеге жетті.
Форум қатысушылары екі облыстың экономикалық және сауда қарым-қатынасының болашағы мен оларды жүзеге асыру механизмдерін талқылады. Сонымен қатар отырыста ОҚО инвесторлары үшін Алматыда көлік-логистикалық орталық құрылысын жүргізу үшін жер телімін бөлу мәселесі талқыланды.
Форум қорытындысы «В2В» мен «В2G» форматында қатысушылдардың кездесуі өтіп, Алматыда көлік-логистикалық орталық құрылысын жүргізу үшін жер телімін бөлу, «Шымкент»ӘКК»АҚ мен «Жетісу» сауда-логистикалық кешені арасында ОҚО аумағында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумдарға қол қойылды.
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Балаларға арналған демалыс және бейімдеу орталықтарын ұйымдастыру бойынша жобалар акселерациядан өтті