- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен 72 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Қазақстанда «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен 72 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағандай, компаниялар тобы есептік кезең ішінде қарыздың жалпы сомасы 491,7 млрд. теңгеге өндірістік секторда жоғары деңгейде қайта құрастырылған 12 жоба бойынша қаржыландыру бастады және жалғастырды.
Бұдан басқа, шикізат емес секторға 466 млрд. теңге инвестицияланды. Есептік кезең ішінде шикізат емес секторды ұзақ мерзімді қаржыландыруда Холдингтің үлесі – 68%.
Шағын және орта бизнесті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген 200 млрд. теңге ішінен 172,8 млрд. теңге сомасына (119,1 млрд. теңге – жаңа жобаларды қаржыландыруға, 32,5 млрд. теңге - қарыздарды қайта қаржыландыруға, 21,2 млрд. теңге – айналым қаражатын толықтыруға) 925 жоба қаржыландырылды.
Несиелердің 181,5 млрд. теңге сомасына 1 694 жоба субсидияланды, 14,4 млрд. теңге сомасына кредиттер бойынша 390 кепілдік беру шартына қол қойылды.
Холдингтің еншілес ұйымдары қаржыландырған кәсіпорындарда есептік кезең ішінде 45 437 тұрақты жұмыс орны сақталып қалды және 27 827 (барлығы 72 179) құрылды.
«Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешуге жәрдемдесу шеңберінде тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін есептік кезең ішінде Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі» бағыты бойынша жалпы ауданы 449 мың шаршы метр, 7171 пәтерлік 81 тұрғын үйді салу мен өткізуге ынтымақтастық туралы 57 келісім жасалды. Сатып алынған 6191 пәтер үшін жергілікті атқарушы органдарға 43,7 млрд. теңге аударылды», - делінген хабарламада.
Қазақстандық ипотекалық компания бағыты бойынша 95,5 млрд. теңге сомасына ауданы 610,2 мың шаршы метрлік (10 684 пәтер) 58 нысан бойынша шарттарға қол қойылды. 2015 жылы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Қызылорда, Талдықорган, Павлодар, Өскемен, Ақтау қалаларында 61,6 млрд. теңге сомасына 392,8 мың шаршы метрлік (6 686 пәтер) 46 нысан пайдалануға беріледі.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары