• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жақсылыққа ұмтылу және өміршеңдік қасиеті Қазақстанды Орталық Азия мемлекеттері ішінен ерекшелендіреді – сарапшы

Жақсылыққа ұмтылу және өміршеңдік қасиеті Қазақстанды Орталық Азия мемлекеттері ішінен ерекшелендіреді – сарапшы

14 Қыркүйек, 2015 12:29
Жақсылыққа ұмтылу және өміршендік қасиеті Қазақстанды Орталық Азия мемлекеттері ішінен ерекшелендіреді, деп хабарлады Француз шығыз тілдері мен өркениеттер ұлттық институтының профессоры Катрин Пужоль Астанадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шарада.

«Орталық Азияны 33 жылдан бері зерттеп келе жатқан тарихшы ретінде Қазақстанда шын мәнінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мәдениеті, дәстүрі қатты сезіледі. Мен Өзбекстанда тұрдым, онда мүлдем бөлек, ондағы мәдениет отырықшылдық және мемлекеттілікте өзгеше. Мұндағы адамдар – шын мәнінде дала перзенттері», - деді К. Пужоль.

Оның айтуынша, Қазақстанда көшпенділер ұрпағына тән қасеттер сезіледі – ол жақсылыққа ұмтылу және өміршендік.

«Не себепті Қазақстан Кеңес одағы елдері ішінен соншалықты жоғарыға көтерілді? Себебі ол бай немесе мұнайы көп болғандықтан ба? Бұл мемлекетте көшпенділер ұрпағына тән қасиет бар. Жақсылыққа ұмтылу және өміршеңдік. Бұл қасиет әлемде жоғары деңгейде көрінгісі келетін жастарда сезіледі», - деп атап өтті ол.

К. Пужольдың пайымынша, Қазақстан тарихынан мемлекет тұрғындарының жаһандануға жеңіл бейімделуі байқалады.

«Мүмкін мен қателесіп отырған шығармын, алайда менің ойымша жаһандану, бәсекелестік жағдайында дамып жатқан тәуелсіз мемлекетте қандайда бір мықты тараптар керек.  Тарихтан қалыптасқандай мемлекет аумағында ешкімде жекеменшік жер болмады, табиғатқа деген ерекше көзқарастың арқасында қазақ халқын заманауи жаһандану процесіне бейім етеді», - деп баса айтты сарапшы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар