- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі 1%-ды құрды – ҰЭМ
Биыл қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсімі 1%-ды құрды – ҰЭМ
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
«2015 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3970,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 4,1% артық.
2015 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 9080,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,6% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,5% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,9%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,5%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9,2% төмендеді.
2015 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1058,4 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 2,7%-ға артты.2015 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106%-ды құрды.
2015 жылғы қаңтар-тамызда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,9%-ды құрады.
Сондай-ақ, 2015 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 101,2%-ды құрды.2015 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 3 877,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,8% өсті.
2015 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 9 776,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,4% артты.
2015 жылғы қаңтар-тамызда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 180,9 млрд. теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7% өсті.2015 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 45 921,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2014 жылғы каңтар-шілдемен салыстырғанда 36,2% төмендеді, соның ішінде экспорт – 27 789,6 млн. АҚШ долларын (43,2% аз), импорт –18 132,1 млн. АҚШ долларын құрады (21,2% аз).
2015 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 35 5642 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,8% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 346 598 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 21 5370-ны құрады, оның ішінде 206 666 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем)», - делінген хабарламада.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды