Қазақстанда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,4% құрады - ҰЭМ

14 Қыркүйек, 2015 11:09
Қазақстанда өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 99,4% құрады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

2015 жылғы қаңтар-тамызды 2014 жылдың осы  кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай, тас көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді.

«Тамақ өнімдерінің, сусындардың, темекі, мұнай өңдеу және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Резеңке және пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады», - делінген хабарламада.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 7 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

 

Барлық жаңалықтар