- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда Төле бидің 350 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар өтті
Таразда Төле бидің 350 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар өтті
«Тараз қаласының орталығында Төле бидің 11 метрлік қола мүсіні қойылды. Ескерткіштің ашылуына мыңдаған халық келіп қатысты», - делінген хабарламада.
Дана би ескерткішінің ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. Өз сөзінде әкім бұл күннің Төле бидей дана, қара қылды қақ жарған биді еске алатын үлкен мереке екенін айтты.
Хабарламада айтылғандай, абыз бабаның 350 жылдығын тойлау қарсаңында «Төле би жәнее оның ұлағатты мұрағаты» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Осы күні «Баласағұн» орталық концерт залында «Төле бидің қасиеті мен өсиеті» атты республикалық поэтикалық байқаудың қорытындысы жарияланды. Аталмыш байқауға республиканың түкпір-түкпірінен 63 ақын қатысқан.
Сонымен қатар, облыстық қазақ драма театрында «Төле би» қойылымы көрсетілді. Ал орталық стадионда бұл уақытта «Даналық көзі» театрландырылған қойылым мен мерекелік гала концерт өтті.
Бұдан бөлек мерекелік шараның қатарында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастыру да қарастырылған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді