- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінің аты аңызға айналған әскери бөліміне 85 жыл толды (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің аты аңызға айналған әскери бөліміне 85 жыл толды (ФОТО)
№ 4 әскери қоймасының базасында 1930 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары Ауғанстанға интернационалдық көмек көрсету үшін құрылған бұл бөлім өндіруші зауыттардан дайын әскери өнімді сақтауға қабылдады және үздіксіз оқ-дәрілер бар эшелондарды майданға жөнелтіп отырды.
«Біздің бөліміміз расында да аңызға айналған. Соғыс жылдары майданды қажетті оқ-дәрілермен қамсыздандыра отырып, армияны қамтамасыз ету көзінің бірі болды», - деп атап өтуде бөлім командирі полковник Көпжан Нұрмаханбетов.
85 жыл ішінде әскери бөлім көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бүгін еліміздегі бірден-бір оқ-дәрілер мен бытыраларды сынамалау бойынша зертхана құрылды, зениттік басқарылатын зымырандарды сынақтан өткізу жөніндегі цех іске қосылды.
Өткен жылдан бері инженерлік оқ-дәрілер мен атыс қаруына аранлған оқ-дәрілерді кәдеге жарату бойынша жабдықты пайдалану басталды. Бүгінгі күні мұнда Қарулы Күштерде ең үлгілі болып саналатын жаңа абаттандырылған үйлері бар тұтастай әскери қалашық орын тепкен.
Бөлімдегі жеке құрамды жан-жақты дамыту мақсатында 500 орындық мәдени-тынығу орталығы, ашық спорт кешені және балалар спорттық-ойын алаңдары құрылған, ал әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін жетілдіру және біліктіліктерін арттыру үшін 2005 жылдан бастап жыл сайын тактикалық-арнайы, техникалық, атыс, инженерлік, өртке қарсы, саптық, мемлекеттік-құқықтық және әскери-медициналық дайындық бойынша курстар өткізіліп тұрады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары