- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті: «Мерейлі отбасы» байқауына қатысушылардың 80%-ға жуығы ауыл тұрғындары
ҚР Президенті: «Мерейлі отбасы» байқауына қатысушылардың 80%-ға жуығы ауыл тұрғындары
«Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды менің Жарлығыма сәйкес қыркүйек айының 2-ші жексенбісінде аталып өтілетін Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының мәресі осы айтулы күнге орайластырылған. Әрбір шаңырақтағы береке түптеп келгенде тұтас елдің берекесі. Адамға еңбекқорлық, отансүйгіштік, жасампаздық пен мейірімділік сияқты асыл қасиеттер отбасы арқылы дариды», - деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы: «Менің бастамаммен қолға алынған «Мерейлі отбасы» конкурсы қысқа мерзім ішінде жалпыхалықтық байқауға айналғанын ризашылықпен атап өтемін», деп баса айтты.
«Былтырғы жылға қарағанда биылғы жылы байқауға көп балалы отбасылар екі есе, жас отбасылар 1,5 есе көп қатысты. Сондай-ақ конкурсқа жалпы қатысушылардың 80 пайызға жуығы ауыл тұрғындары болып табылады. Олардың арасында әртүрлі мамандық иелері, ата кәсібін ұрпақтан-ұрпаққа мирас еткен еңбек әулеттері бар. Барлығы да құрмет пен мадаққа лайық. Бүгінгі мерейлі күнде әрбір қазақстандық отбасына қажырлы еңбек, тағлымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық салтанат құрсын!», - деп атап өткен Елбасы. лінген ҚР Президентінің құттықтауында.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі