• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Қазақстан Ресеймен бірге өзінің ғарыш саласын дамытуға мүдделі

Н. Назарбаев: Қазақстан Ресеймен бірге өзінің ғарыш саласын дамытуға мүдделі

12 Қыркүйек, 2015 13:55
Қазақстан Ресей Федерациясымен бірге өзінің ғарыш саласын одан ары дамытуға мүдделі, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ғарыш экипажымен кездесу барысында.

«Біз әлем бойынша ғарышқа өзінің үш ғарышкерін ұшырған санаулы мемлекеттердің біріміз. Біздің Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы серіктестігіміз осындай нәтиже береді. Ғарышта тәжірибеден өткізуге болатын дүниені жерде істей алмайсын. Сондықтанда ғарыш саласы үшін мемлекет есебінен жұмсалатын қаржы әрқашан ақталады. Бүкіл әлем осы салада жарысып келеді және Ресей алдыңғы қатарда. Біз көршіміз Ресеймен бірге өзіміздің ғарыш саламызды одан ары дамытуға мүдделіміз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының айтуынша, ғарышты игеру бойынша шығындар бірден ақталмайды, алайда бүкіл әлем оны игеруге ұмтылуда. «Мәселе бүгін пайда көруде емес, ол ғылыми-техникалық прогресте үлкен табыстарды уәде етеді. Бүгінде Роскосмостың қолдауымен ғарышкерлерімізді дайындықтан өткіземіз. Сондай-ақ, қазақстандық жерсеріктер жершары маңындағы орбитада маңызды коммуникациялық қызметтерді атқарады және ғылыми-тәжірибелік функияларды жүзеге асырады. Полковник Айымбетов өзіне қойылған міндеттердің барлығын жүзеге асырды. Ұзақмерзіді бөлініп жатқан қаржылардың барлығы болашақта өзін-өзі ақтап, қайта қайтарылады», - деп сендірді ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының құрамында командир Геннадий Падалки мен бортинженері Андреас Могенсен мен Айдын Айымбетов бар «Союза ТМА-16М» ғарыш кемесінің экипажымен кездесуі өтті.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар