Будапештте Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті

12 Қыркүйек, 2015 15:02
Будапешт қаласында өткен Қазақстан-Мажаррстан бизнес-форумына Мажарстан жетекші іскерлік топтарының 80-нен астам өкілі, сондай-ақ ұлттық экономика мен ұлттық даму министрлері, сауда-өнеркәсіп палатасының, «Мажар ұлттық сауда үйі» ЖАҚ басшылары қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Іс-шарада Мажарстан Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Нұрбах Рүстемов, сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ласло Параг, Қазақ-мажар іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон сөз сөйледі.

«Бизнес-форумның негізгі мақсаты мажар аудиториясын экономикалық саласындағы екі жақты ынтымақтастығының келешегі мен жағдайымен, жаңа ақша-несиелік саясатының негізгі аспектілері мен еліміздің инвестициялық тартымдылығымен, сондай-ақ «Қазақстан-2050» бағдарламасының мерзімінен бұрын жүзеге асыру барысымен, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» бағдарламасымен таныстыру болып табылды», - делінген хабарламада.

Астана қаласында «Болашақ энергиясы» «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесін өткізілуі бөлек тақырып ретінде алынды. Көрмеге қатысу жөнінде Мажарстан 2015 жылғы тамызда ресми растағаны да атап өтілді.

Мажар кәсіпкерлеріне екі жақты өзара қарым-қатынастарға, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық саласына зор мән беру үшін Қазақстандағы басым жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысуға ұсыныстар білдірілді.

Барлық жаңалықтар