ҚР Президенті «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болды

12 Қыркүйек, 2015 12:59
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай елдің барлық өңірі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған этноауылды аралап көрді. Алаңға 50 киіз үй тігіліп, концерттік сахналар, жарыс өткізетін спорт алаңқайлары орнатылған.

Мемлекет басшысы елорда тұрғындарымен және қала қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, игілік  пен бақ-береке тіледі. 

Барлық жаңалықтар