- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ғарышкер А.Айымбетовты қарсы алды (ФОТО)
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ғарышкер А.Айымбетовты қарсы алды (ФОТО)
«Бұл үлкен жаңалық. «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан жерінде болғаннан кейін, біз ғарыштық мемлекеттердің қатарына кіреміз. Сонымен бірге еліміздің аспандағы жер серіктері бар. Оның барлығы тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Айдын ғарышқа бекер көтерілген жоқ, яғни ол ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сәйкесінше, бұл зерттеулердің бізге үлкен пайдасы бар. Бүгінде әлемде 200 мемлекет бар, алайда оралдың барлығының ғарышқа ұшу мүмкіндігі жоқ. Осы ретте Роскосмостың қолдауымен Қазақстан өз ғарышкерлерін оқытып, ғарышқа ұшыру мүмкіндігіне ие болды. Біз өте қуаныштымыз, қайта жерге оралуларыңызбен құттықтаймыз», - деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде, А. Айымбетов Президент пен халқына сенім білдіргені және халықаралық экипаж құрамында болу мүмкіндігін бергені үшін алғыс білдірді.
«Президент мырза маған сенім білдіргеніңіз үшін және халықаралық экипаш құрамында болу құрметіне лайық деп тапқандарыңыз үшін қуаныштымын. Қазақстандық ғылыми зерттеу бағдарламасы толығымен орындалды, еліміздегі ғарыш қызметінің дамып жатқанына қуаныштымын», - деп ағынан жарылды қазақстандық ғарышкер.
Аталып өткендей, қазақстандық ғарышкер бірқатар ғылыми тәжірибелерді өткізді. Атап айтқанда, ғарышта экология, физика мен медицина салаларында сынақ жүргізді.
Осыдан бірнеше сағат бұрын ішінде қазақстандық Айдын Айымбетов, ресейлік Геннадий Падалка мен даниялық Андреас Могенсен бар «Союз ТМА-16М» кемесінің капсуласы Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтықта жерге қонды.
Естеріңізге сала кетейік, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа 2 қыркүйекте «СОЮЗ ТМА-18М» ғарыш кемесімен аттанды.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады