• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Мәңгілік Ел» театрландырылған концерті көрермендерді Түркі қағанаты дәуіріне әкетеді

«Мәңгілік Ел» театрландырылған концерті көрермендерді Түркі қағанаты дәуіріне әкетеді

11 Қыркүйек, 2015 19:57
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» тетарландырылған қойылым жеті бөлімнен тұрады. Қойылымның музыкалық қатарына әр замандағы қазақ авторларының шығармалары, оның ішінде ұлттық, симфониялық және эстрадалық музыка да кірген.

Қойылымның «Тарих толқынында» деп аталған бірінші тарауында қазақтың көне әуендері мен халық әндерінің негізінде жазылған композитор К.Дженкинстің «Туған жер» хореографиялық композициясы негізінде даланың қасиеті мен халықтың болмыс-бітімін пластика тілімен суреттейді. Композиция соңында көктен түскен бәйтерек жанында адамдардың табиғатпен үйлесімді тыныс-тіршілігі көрсетіліп, заңғар көкте қанатын қаққан алып қыран, қазақ даласын шарлады.

Екінші «Ұлы дала елі» бөлімінде сақтар, сарматтар, ғұндар тайпалары туралы көрініс көрсетілді. Т.Мұхамеджанов пен Х.Шанғалиевтің «Сақтар» музыкасына қойылған бұл театрландырылған көрініс сол ғасырдағы өмір тіршілігін көз алдымызға келтіреді. Көріністің шарықтау шегі – басты тұлға – Алтын адамның алаңда пайда болуы. 

Келесі көрініс көрермендерді V-IX ғасырдағы Түркі қағанаты дәуіріне әкетеді. Өз заманының үлгісі – ұлы қолбасшы Күлтегін жазбалары белгілі актерлер мен әскерилердің сомдауында өз көрінісін табады. 

Үшінші көрініс «Жібек жолы. Дала ғұламалары» деп аталады. Р.Салаватовтың «Көш керуен» музыкасына ежелгі Сарайшық, Түркістан, Сығанақ және Тараз қалаларының аясында әлемге жібек мата және бағалы тастармен қоса, алдыңғы идеялар, дін және ғылыми жаңалықтар тізбегін жеткізетін керуен өтті.  

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар