• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Барыс» мұз айдыны кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдық тойына арналған «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымы өтуде

«Барыс» мұз айдыны кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдық тойына арналған «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымы өтуде

11 Қыркүйек, 2015 19:03
Астана қаласының «Барыс» мұз айдыны кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдық тойына байланысты өтетін «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымы өтуде.

Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейлі мерекелерді тойлаудың қорытынды кезеңі басталды. «Барыс» мұз айдыны кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдық тойына байланысты өтетін «Мәңгілік Ел» театррландырылған қойылымы өтуде. Шараға ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Түркі тілдес мемлекеттердің басшылары қатысуда. Мерекелік шарада қазақ мемлекеттелігінің үш жүз жылдық тарихы көрсетілетін болады. Қойылымға 3000 адам қатысады.

«Барыс» мұз кешеніндегі қойылымды  тікелей эфирден «Хабар», «Қазақстан» «Білім және мәдениет» және E-history интернет порталы көрсетеді.

Мерекелік қойылым қазақ елінің үш мың жылдық тарихы мен қазіргі заманауи келбетін 7 тарау арқылы сахналайды. Әрбір тарауда еліміздің халық болып дамыған, ұлт болып қалыптасқан тарихи кезеңдері ән-күй, жыр-терме, хореография, хор секілді әр түрлі жанрлар арқылы қамтылады. 

Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығын  мерекелеу шараларына дайындық пен өткізу  бойынша ҚР Үкіметінің 2014 жылғы желтоқсандағы жоспарына сәйкес,  республика өңірлерінде 50 халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтті. Сондай-ақ, 300 мәдени шара, оның ішінде мерекелік концерттер, аудандық және республикалық айтыстар, көрмелер мен байқаулар, фестиваль және т.б шаралар болды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар