- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада микробизнесті дамыту мәселелері талқыланды
Қызылордада микробизнесті дамыту мәселелері талқыланды
Жиынды ашқан аймақ басшысы нарықта қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отыра өңір экономикасын дамыту бағыттарын атап өтті. Сыр өңіріне экономиканың нақты секторының бәскеге қабілеттілігін арттыру, өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы және агроөнеркәсіп кешенінің үлесін ұлғайту аса қажет. Осыған орай, шұғыл шешімін табуды қажет ететін мәселелердің бірі – микробизнесті дамыту.
«Польшаның ішкі жалпы өнімінің 51 пайызы микробизнес яғни, жұмысшылар саны 9 адамнан аспайтын шағын кәсіпорындарға тиесілі. Үкіметке жоба әзірлеп ұсынайық. Қызылорда облысы осы кәсіпорын санатын дамытатын пилоттық аймақ болсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, аймақ басшысы шағын несиелерді беру бойынша жұмысты жүйелендіруді тапсырды.
«Шағын және орта бизнесті дамытпай біз салық базасын ұлғайта алмаймыз. Сондықтан біз осыған мүдделіміз. Бастауыш бизнесмендердің, әсіресе, ұлттық қолөнермен айналысатын кәсіпкерлердің жобаларын қолдап, сүймелдеу және олардың өнімдерін нарықта кеңінен насихаттау керек», - деді Қ.Көшербаев.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары