- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Әскери-теңіз Күштерінің кемелері Каспийде оқу-жаттығу міндеттерін орындауға кірісті (ФОТО)
Қазақстан Әскери-теңіз Күштерінің кемелері Каспийде оқу-жаттығу міндеттерін орындауға кірісті (ФОТО)
Бұл уақыт аралығында әскери теңізшілер судың тереңдігіне қарай күндізгі және түнгі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу шеберлігін шыңдап, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы аумағын жағалай әскери кемемен жүзіп өтуді орындайды.
Қазақстан Әскери-теңіз Күштерінің әрбір кемесі теңізге шығу аясында 901,6 теңіздік миль (шамамен 1700 километр) бағытында жүзіп өтеді. ҚР ҚК Әскери-теңіз Күштері қолбасшысы басқармасының мәліметінше, аталған оқу-жаттығу Қазақстанның ӘТК әскери даярлық бағдарламасында ұдайы қарастырылған. Ол тұрақты әскери дайындықты қолдауға және әскерилердің теңіздегі дағдыларын арттыруға арналған.
Оның аясында теңізшілер Каспий теңізінің қазақстандық аумағындағы судың асты-үстіндегі ахуалды зерттейді. Сондай-ақ, жағалауға жақын жүзу, навигациялық қауіптерді еңсеру, 30-40 метрге якорь тастау, әскери кеменің қару-жарағынан артиллериялық оқ атуды орындайды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Әскери-теңіз Күштері миналық-көліктер, әскери ракеталық-артиллериялық кемелермен қамтылған. 2020 жылға дейін кезең бойынша дамыту жоспарына сәйкес Әскери-теңіз Күштерін қосымша заманауи кемелер мен көмекші қайықтармен жарақтау жоспарланып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы