- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғашқы монополияға қарсы реттеу кафедрасы ашылды
Қазақстанда алғашқы монополияға қарсы реттеу кафедрасы ашылды
Мұндай кафедраның ашылуымен монополияға қарсы реттеу шеңберінде білім беру сипатындағы өзекті мәселелердің бірі шешіледі. Нарық субъектілерінің арасында монополияға қарсы реттеу нормаларын нақты түсінудің болмауы және мемлекеттік органдар мамандарының бәсекелестік құқықты жеткілікті білмеуііскерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеп соғады, монополияға қарсы заңнаманың нормаларына қайшы келетін шаралар мен шешімдер қабылдауға алғышарттар жасайды және тұтастай алғанда ел экономикасына теріс әсер етеді.
Монополияға қарсы реттеу мәселелері оқу орындарында ішінара оқытылады, бірақ, мысалы Еуропа елдерінде монополияға қарсы реттеу мамандарын даярлау жеке мамандық ретінде жүзеге асырылады.
2015 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (ТМР ж БҚК), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) және «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес«Экономикалық теория және монополияға қарсы реттеу» атты кафедра ашылды.
Бірлескен бастаманы іске асыру нарыққа қажетті бәсекелестік құқық білімі бар мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Мұндай мамандар монополияға қарсы норманы қолдану ерекшелігін және т.б. білетін бәсекелестік құқық мәселелері жөніндегі сарапшылар ретінде ірі компаниялар арасында сұранысқа ие.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады