Астанада «Еуразия» ҮК сарапшыларының кеңесі өтуде

11 Қыркүйек, 2015 18:31
Астанада «Еуразия» Үйлестіру кеңесі және Сарапшылардың үйлестіру тобының 31-ші біріктірілген кеңесі өткізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР ИДМ.

«Еуразия» ҮК мүше ретінде Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Кырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінде аэронавигациялық қызмет көрсететін 8 ұлттық провайдер қатысуда. Одан бөлек бақылаушы ретінде кеңеске Эстонияи и Литва елдерінің аэронавигациялық мекемелерінің делегациясы қатысуда.

Күн тәртібінде - «Еуразия» ҮК  жұмысына қатысты сұрақтарды талқылау, кеңес жұмысын ары қарай дамыту, аэронавигациялық кәсіпорындар арасындағы байланыстар мен бірлескен жұмысын одан әрі жақсарту, және пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуын қамтамасыз ету мен ұймдастыру шараларын іске асыру барысы талқыға салынды.

Кеңес қатысушылары «Еуразия» ҮК мүше мемлекеттердің авиациялық кәсіпорындарының ағымдағы жұмысы туралы баяндамалармен сөз сөйледі. Сол мемлекеттерде қабылданған әуе қозғалысын ұйымдастыру (ӘҚҰ) және әуе кеңістігін пайдалануды регламенттейтін ұлттық нормативтік-құқықтық құжаттар қаралды, сондай-ақ «Еуразия» ҮК жауапты аймақтарындағы мемлекеттерде әуе кеңістігінің құрылымын жетілдіру жөніндегі орындалған жұмыстарға талдау жасалды.Кеңестің қорытындысы бойынша «Еуразия» ҮО және СҮТ алдағы жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізілді.

Айта кету керек «Еуразия» Үйлестіру орталығы және Сарапшылардың үйлестіру тобының біріктірілген кеңесі Астана қаласында алғаш рет өткізіліп отыр.

 

 

 

Барлық жаңалықтар