Қазақ хандығының құрылуы ОА аймағын түбегейлі өзгертті - сарапшы

11 Қыркүйек, 2015 18:12
Қазақ хандығының құрылуы және саяси аренада болуы Орталық Азия аймағын түбегейлі өзгертті, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Жалпы тарих институты директорының орынбасары Ирина Коновалова «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының пленарлы отырысында.

«Біз сіздер үшін бүгінгі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиынның қаншалықты мағыналы екенін түсінеміз. Себебі әр ұлт үшін мелекеттілігінің қалыптасу тарихының  тағылымдамасы  өте маңызды. Себебі, халық өз мемлекетінің қалыптасуына байланысты бірегей тарихи субъекті ретінде одан әрі даму мен әлем мемлекеттерінің арасынан өз орнын табу құралына иелік ете бастайды», - деді И.Коновалова.

Сарапшының айтуынша, Қазақ хандығының құрылуы және саяси аренада болуы Орталық Азия аймағын түбегейлі өзгертті.

«Жасыратыны жоқ, Қазақ хандығының құрылуы бойынша кейбір мәселелерде пікір талас туындауы орынды. Және ол алдағы жиындарда да талқыланатын болады. Алайда,  Қазақ хандығының құрылуы және саяси аренада болуы Орталық Азия аймағын түбегейлі өзгерткені даусыз», - деп атап өтті ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар