Мәжілісте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы қаралады

11 Қыркүйек, 2015 20:21
Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, халық қалаулылары назарына ілеспе құжаттармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, мәжілісмендер «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға және жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобаларын қарайды. Жалпы отырыста бірқатар ратификациялық заң жобалары халық қалаулыларының талқысына түседі.

 Олар: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар және «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімдерді, Ресеймен Қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары және оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан әрі пайдалану тәртібі туралы үкіметаралық келісімді, Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау.

Сондай-ақ, мәжілісмендер Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы), сонымен қатар Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.

Осы күні депутаттар спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулерге бағытталған заң жобасын жұмысқа қабылдамақ.
 

Барлық жаңалықтар