• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу - барша қазақстандықтар бірлігінің жарқын көрінісі

Н.Назарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу - барша қазақстандықтар бірлігінің жарқын көрінісі

11 Қыркүйек, 2015 16:32
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияға қатысушыларға және шетелдік қонақтарға арналған құттықтау хатын оқыды.

Мемлекет басшысының құттықтауында Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын бүкіл халық болып мерекелеу – бір шаңырақтың астында өзара келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтардың бірлігінің жарқын көрінісі. Біз өткенімізді мақтан тұтамыз және ата-бабаларымыздың сан ғасырлық армандарын ақиқатқа айналдыра отырып, олардың асыл мұраларын қастерлейміз.

««Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы тарихи сананың берік іргетасына арқа сүйейді. Бұл қазақстандық патриотизмнің маңызды қыры. Қазақстандық тарихшылардың Қазақ хандығының құрылуының, қалыптасуы  мен дамуының тарихи үдерісіне, халқымыздың тарихи жолына терең талдау жасап, зерттеу жұмыстарын  жалғастыра беруі маңызды, деп атап көрсетілді», - деп Елбасы сөзін Г.Әбдіқалықова оқыды.

Сондай-ақ, шарада Әзірбайжан, Моңғолия, Түркия ұлттық ғылым академиясының президенттері, Ресей ғылым акадамиясының мүшелері баяндама жасады.

Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, тарихшылар, этнологтар, шығыстанушылар, тіл мамандары «Қазақ хандығы және Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы»; «Қазақ хандығынан – Қазақстан Республикасына дейін: тың деректер, жаңаша тұжырымдамалар»; «Қазақ құқығы мен билер сотының әлем өркениетіндегі орны» және  «Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы орны» деп аталатын төрт секция бойынша отырысты жалғастырды.

Секциялар жұмысына сондай-ақ жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студент жастар қатысты. 

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар