Қырғызстан Президенті халықаралық түркі арнасын ашуды ұсынды

11 Қыркүйек, 2015 16:30
Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Астанада өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммиттінде халықаралық түркі арнасын ашуды ұсынды.

«Біздің саммит ақпараттық кеңістіктегі ынтымақтастық проблемаларына арналып отыр. Біздің шешіміміз өзара келісімнің терең үйлесімен ие болатынына сенімдімін. Әлемдік өзгерістер алдында бауырлас елдер достастығының нығаюы қажет», - деді Қырғыз Республикасының Президенті.

Қырғызстан басшысы атап өткендей, ынтымақтастықты тереңдетудің көптеген жолдары бар, ақпараттық технологиялар өте өзекті. «Біз түркі мемлекеттері ынтымақастығымызды екі есе нығайтуымыз қажет. Мәселен, халықаралық түркі арнасы жобасы, ол біздің ақпараттық  кеңістігімізді кеңейте түсер еді. Заманауи ақпараттық технологиялар бізге мүмкіндік беріп отыр», - деді Президент.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар