- Басты
- Жаңалықтар
- 2012 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ-ның күтілетін таза табысы шамамен 117 млрд теңге
2012 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ-ның күтілетін таза табысы шамамен 117 млрд теңге
«2012 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 117 миллиард теңге деңгейінде күтілуде, бұл 2008 жылға қарағанда екі есе көп. Еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 5,3 млн теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қарағанда 15% көп», - деді А.Мамин.
Сонымен қатар, еліміздің темір жол көлігіндегі жүк айналымы 2012 жылы 235,7 млрд тонна-километрді құраған, бұл 2011 жылға қарағанда 5,4 % артық. Жолаушы тасымалы 16,7 млрд жолаушы-километр болды, бұл 2011 жылғы деңгейден 14 % жоғары. 2012 жылғы капитал салымы көлемі 499,5 млрд теңге, яғни өткен жылдан 1,3 есе көп болған.
«ҚТЖ» НК» АҚ президенті, сондай-ақ ұлттық компанияның 2013 жылға арналған міндеттері мен болжамдары туралы да айтып берді.
«2013 жылы алдымызға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындау үшін бізге 236,7 млрд тонна-километр деңгейіндегі жүк тасымалы, 16 млрд жолаушыдан кем емес жолаушы тасымалы, 922 млрд теңге көлеміндегі кіріс, 125 млрд теңгеден кем емес таза пайда алу сияқты операциялық өндірістік қаржылық көрсеткіштерді орындауды қамтамасыз етуіміз қажет», - деп атап айтты А.Мамин.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды