Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай үлкен этноауыл ашылды (ФОТО)

11 Қыркүйек, 2015 17:39
Астанада «Қазақ елі» алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай үлкен этноауыл ашылды.

Қыркүйектің 11 мен 13 аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына ата-бабаларымыздың тарихымен және сол кездегі ахуалмен жақын танысуға мүмкіндік туады. Әр облыстың өкілдері өз қонақтарын таңқалдыру үшін барын салуда.

Мысалы, Ақтөбе облысы келушілерге Күнді телескоп арылы көру мүмкіндігін ұйымдастырып отыр. Алматы облысы болса көрермендерге қазақи аңшылықтың прототипін ұсыну арқылы ерекшеленді, кезінде ата-бабаларымыз бүркітпен және арнайы үйретілген иттермен аңшылыққа шығатын болған.

Ал, Ақмола облысы Абылайханның тағын жасау арқылы көзге түсті. Қонақтар оның қасына келіп кезекпен суретке түсуде. 

Бұдан басқа, әр аймақ жәрмеңке, қолөнер шеберлерінің туындыларының көрмесін ұйымдастыруда.  Этноауылда спорттық жарыстар, дәлірек айтсақ қазақша күрес, арқан тарту және тоғыз құмалақ бойынша жарыстар ұйымдастырылған. 

Барлық жаңалықтар