• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммитін ашты

Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммитін ашты

11 Қыркүйек, 2015 15:28
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммитін ашты.

«Мен сіздермен  Астанадағы  Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммитінде кездескеніме қуаныштымын. Қазақстанның қонақжайлы жеріне қош келдіңіздер! Ең алдымен Түркияның сәтті төрағалық еткеніне алғысымды білдіремін, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің V саммитін ашық деп жариялаймын. 1992 жылы түркіділдес мемлекеттер арасындағы кездесулер басталды. V мерейлі саммит Астанада өтуде», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттер басшыларының кеңесі 2009 жылы 3 қазанда Әзірбайжанда Нахичевани қаласында құрылған болатын. Түркітілдес елдердің басын біріктіретін халықаралық ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркия кіреді.

2011 жылы ұйымның алғашқы саммиті Қазақстан Президентінің бастамасымен Алматы қаласында өтіп, экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар