• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Түркияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады

Қазақстан мен Түркияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады

11 Қыркүйек, 2015 15:04
Астанаға Түктітілдес мемлекеттердің ынтамақтастық кеңесінің V саммитіне арнайы қатысуға келген Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоглумен Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов кездесті, деп ведомстводан хабарлады.

Сыртқы саясат ведомсвтосының басшылары Қазақстан Мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен оны нығайту жолдарын талқылады

Аталып өткендей, тараптар екіжақты сауда-экономикалық айналымның артқанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол 3,29 млрд долл. жуық шамада болды.

Кездесуге қатысушылар Түркия Президенті Реджеп Эрдоғанның Астанаға сапары табысты болғанын атап өтті.

Е. Ыдырысов Қазақстанның Түркияның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне уақытша мүшелікке кандидатурасына қолдау көрсеткені және Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайын екеніне алғысын білдірді.

 

 

Барлық жаңалықтар