• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Ферхо: Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау - «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың бөлігі

С.Ферхо: Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау - «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың бөлігі

11 Қыркүйек, 2015 17:56
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау - «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың бөлігі, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Соңғы 10 жылда Қазақстанның заңнамалық базасы жетіле түсті – бұл Елбасының Қазақстанда бүгінгі күнге дейін сақталған тарихи ескерткіштерді сақтау мен қорғауға бағытталған бастамасын  көрсетеді. Мен Қазақстанның тарихи ескерткіштерін нығайту ЮНЕСКО шешімі бойынша әлемдік мәдениеттің тасушысы ретінде анықталды. Оның ішінде Сарыарқа даласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Солтүстік Қазақстанның өзендері бар», - деді С.Ферхо.

Оның айтуынша, Қазақ хандығының 550 жылдығы – «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуының тармағы. Бұл Президенттің ұстанымы.

«Н.Назарбаев өз баяндамаларында «Бұл идея төңірігінде біз бірлесіп, бірге өмір сүруге, патриотизмге, өз елін қорғауға, халық алдында әділ болуға тырысуымыз керек, бұл қазақстандық жердің тарихи тамыры болып саналады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар