• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Башмаков: Қазақстанның тарихи этникалық түйіні - Қазақ хандығының қалыптасуы

А.Башмаков: Қазақстанның тарихи этникалық түйіні - Қазақ хандығының қалыптасуы

12 Қыркүйек, 2015 10:36
Қазақстанның тарихи этникалық түйіні болып Қазақ хандығының қалыптасуы болып есептеледі, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков.

«Көпұлтты Қазақстан үшін екі фактордың орындалуы өте маңызды: этникалық түйін  пен мәдени орта. Қазақстанның тарихи  этникалық түйіні  болып  Қазақ хандығының қалыптасуы болып есептеледі», - деді А.Башмаков.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан бірыңғай ұлттық, азаматтық біртұтас елге айналды. Ғалымдар әлемді ұстап тұрған идеология емес, бірлік пен біртұтастық екенін жиі айтады.

«Біздің елде өзінің бағытын ақтаған Қазақстан халқы Ассамблеясы қызмет етеді», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтуде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар