• Басты
  • Жаңалықтар
  • И. Рогов: Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - халқымыздың тарихи құндылықтарына тағы бір мәрте бет бұрудың себебі

И. Рогов: Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - халқымыздың тарихи құндылықтарына тағы бір мәрте бет бұрудың себебі

11 Қыркүйек, 2015 14:47
Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту халқымыздың тарихи құндылықтарына тағы бір рет бет бұруға себепші болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында хабарлады.

«Құқықтық жүйеміздің, жаңа мемлекеттілігіміздің көзін тарихи құндылықтардан іздестіру керек. Мемлекет  ол тек қарулы күштер жасағы, хан ғана емес, ол құқық. Елімізде заңгер бола тұра қазақ ұлттық құқық көздерін білмеу мүмкін емес. Мысалы, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім  ханның ескі жолы", Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қоғамдық қарым-қатынастағы көрегендігімен ерекшеленеді. Бүгінде біз осы құқықтың қайнар көздеріне иек артамыз. Ал,  бүгін  Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту  халқымыздың тарихи құндылықтарына тағы бір рет бет бұруға себепші болып отыр», - деп түсіндірді И. Рогов. 

Оның айтуынша, бір қарағандай заманауи мемлекеттік әділеті мен дала әділеттін қалай салыстыруға болады деген пікір туындауы мүмкін. Алайда біз сол кездегі қазыларға, билерге қандай жоғары моральді талаптар қойылғанын естен шығармауымыз керек, сондықтан да бұл мәселе күні бүгінге дейін маңызды болып қала бермек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтуде.

Бүгін Астанадағы мерекелік шаралар легін Мемлекет басшысының қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан мерейтойлық салтанатты жиын бастады.

Дәл осы күні Астанада «Қазақ хандығынан  Мәңгілік Елге» кітап көрмесі мен  «Ұлы даланың өшпес тарихы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

Бұдан басқа, Назарбаев Университетінде  «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, оған 1000-нан астам шетелдік және отандық ғалымдар, халықаралық сарапшылар, әлемнің 20 елінен келген бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысады. Бұл күннің айтуыла шарасы «Барыс» көпфункционалды мұз кешенінде өтетін  «Мәңгілік Ел» мерекелік театрландырылған қойылым болмақшы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар