Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достықта болуға тырысады

11 Қыркүйек, 2015 12:56
Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достықта болуға тырысады, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында.

«Біздің  жүздеген жылдарға созылған   тарихымыз Ресей халқының тарихымен ұштас екенін ұмытпауымыз керек.  Тәуелсіздік жылдары біз еуропалық одақ, Америка, ислам әлемі  елдерімен бірлескен тарих беттерін парақтадық. Олар халықаралық шаралардың ұйытқысы болып келді, оның ішінде кейбір жиындар біздің елде де орын алды», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан қай уақытта болмасын көршілес жатқан елдермен достық қарым-қатынаста болуға тырысады.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар