• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның жаһандық қауымдастықтағы танымалдылығын арттыру маңызды – ҚР Президенті

Қазақстанның жаһандық қауымдастықтағы танымалдылығын арттыру маңызды – ҚР Президенті

11 Қыркүйек, 2015 12:26
Біз үшін Қазақстанның жаһандық қауымдастықтағы танымалдылығын арттыру маңызды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында.

«Біздің жеріміздің өткені мен  болашағын түсіну ол алдағы тарихи жолымыз, біз үшін Қазақстанның жаһандық қауымдастықтағы танымалдылығын арттыру маңызды», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

«21 ғасырда жаһандық даму арта түсетініне сенімдімін және оны әлем лайықты бағалайтын болады», - деп толықтырды Ұлт көшбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар өтуде.

Бүгін Астанадағы мерекелік шаралар легін Мемлекет басшысының қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан мерейтойлық салтанатты жиын бастады.

Дәл осы күні Астанада «Қазақ хандығынан  Мәңгілік Елге» кітап көрмесі мен  «Ұлы даланың өшпес тарихы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған Қазақстан, Иран, Мысыр, Белоруссия мен Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, білім мен ғылым министрлері, белгілі ғалымдар, әлемнің 18 мемлекетінің мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысады.

Бұдан басқа, Назарбаев Университетінде  «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, оған 1000-нан астам шетелдік және отандық ғалымдар, халықаралық сарапшылар, әлемнің 20 елінен келген бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар