Маңғыстау облысында бүлдіршіндерге жаңа балабақша есігін ашты (ФОТО)

14 Қыркүйек, 2015 08:39
Мұнайлы ауданындағы Дәулет ауылдық округінде осымен 10-шы мемлекеттік балабақша ашылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің ибаспасөз қызметі.

Аталып өткендей, №10 «Ақбота» балабақшасы 280 орынға есептелген.  Екі қабатты ғимаратта өзін өзі тану, орыс, ағылшын және вокал сыныптары бар. Асханада балаларда арнайы ас мәзірі бойынша тамақтандыратын болады. Жаңа МДМ-да медицина қызметкері үшін арнайы кабинет қарастырылған. Мекеме штатында 65 қызметкер бар, оның 24 тәрбиешілер.

Балабақшаның ашылу салтанатындағы лентаны ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Насрулла Сәрсенғалиев пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев кесті.

«Бүгінде Мұнайлы ауданында 9 мемлекеттік және 15 жеке меншік балабақша мен 4 шағын-орталық бар. Аудандағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің  60% мектепке дейінгі мекемемен қамтылған», - деді А. Айдарбаев. 

Айта кетерлік жайт, жақын арада Атамекен ауылдық округінде 280 орынға есептелген балабақша мен 120 орындық мектеп пайдаланылуға беріледі. Бұдан басқа 100 орынға есептелген жекеменшік балабақшаның ашылуы жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың маусым айында басталған.

Барлық жаңалықтар